Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту күн тәртібінен түспейді

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп тұрған 106 053 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі осы жылдың 1-ші тоқсанына 282,8 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға өсім көрсеткенін айтты.

– Аталған салада жұмыспен қамтылған адамдар саны 2024 жылдың 1-ші тоқсанына 165 227 адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2% өскен. 2024 жылдың 1-ші тоқсанына шағын және орта бизнес үлесі 23,3%, ал жалпы қосылған құн көлемі 148 739,4 млн теңгені құрады.

2024 жылғы 1 қыркүйекке облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 112,5 млрдтеңгені құрайтын барлығы 26 736 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаражаттың 65,2%екінші деңгейлі банктер арқылы, 15,1% «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 19,7%(22,2 млрд теңгесі)микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді.

Берілген несиелердің 49,2 млрд теңгені құрайтын 1 584 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Осы жылы облыс бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 30,1 млрд теңгені құрайтын 1 130 жобақаржыландырылды, – деген облыс әкімінің орынбасары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның арқылы «JAMBYL BUSINESS» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, 2,0 млрд теңге қаражат бөлінгенін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment