Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшының орынбасары тағайындалды

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшының орынбасары лауазымына 2022 жылдың 22 шілдеден бастап Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич тағайындалды.
Жайлыбаев Бейбитбек 1971 жылы дүниеге келген.
1989-1994 жж. – Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «Зооинженер», 1994-1997 жж. – Қазақ қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институтының аспирантурасын «Генетика және өз-өзінен өсіру» (Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты), 2007-2009 жж. – Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Т.Рысқұлов ауданы Ленин ауылында зоотехник-селекционер болып бастаған.
1999-2004 жж. – Т.Рысқұлов ауданы аудандық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары;
2004-2005 жж. – Т.Рысқұлов ауданы аудандық шағын және орта кәсіпкерлік қолдау комитетінің төрағасы;
2005 ж. – Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратаның бас инспекторы;
2005-2006 жж. – Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;
2006-2010 жж. – Т.Рысқұлов ауданы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы;
2010-2012 жж. – Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықы бөлімінің басшысы;
2012-2015 жж. – Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары;
2015 ж. – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орыбасары;
2015-2016 жж. – Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі;
2016-2019 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы;
2019-2021 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасының басшысы;
2021-2022 жж. – Жамбыл облысы Құлан ауылы шаруа қожалығының төраға орынбасары.
Үйленген – 1 ұл, 2 қызы бар.

Comments (0)
Add Comment