Кәсіпкерлермен күнделікті байланыс орнатылған

Бүгінгі күнде Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға үстемесіне мемлекеттік бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

2022 жылдың 27 мамырында Жамбыл облысы Прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы №2-07-22-04958 Ұсынысының негізінде ЖК «Атыгаева Б.А.» мен ЖК «Байлық-2014» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін шектен тыс арттырғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 204-4-бабының 1 бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 16 мамырында Тараз қаласының әкімдігіне қала дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің жоғарылығына шағымданған А.Косарованың арызы түскен болатын.

Аталған мәселе бойынша Тараз қаласындағы 6 азық-түлік дүкендері іріктеліп алынып, оларға жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күнде дүкендердің 3-іне сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «Loft» дүкенінде сауда қызметін атқаратын жеке кәсіпкердің заңбұзушылыққа жол бергені анықталды. Анықталған заңбұзушылық бойынша аталған жеке кәсіпкерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының үстемесін Заңда көрсетілген шектеуден асырмау туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді, сондай-ақ, ЖК «Рахметова Атен Рахатовна»Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабының 1 бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі кезде қалған 3 азық-түлік дүкеніне жоспардан тыс тексеру тағайындау жұмыстары жүрігзілуде.

Тараз қаласының аумағында азық-түлік саудасы қызметін атқаратын кәсіпкерлік субъектілеріне баға үстемесін Заңда белгіленген мөлшерлерден тыс арттыру әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз.

Comments (0)
Add Comment