Кәсіпкерлердің құқығын қорғау назардан тыс қалмайды

2021 жылдың 9 айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында 2 қылмыстық іс тіркелген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 46 инвестормен (инвестиция сомасы 530 млрд. теңгеден) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімге отырып, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 29 кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалды.

Оның ішінде, Тараз қаласы әкімдігі қызметкерлерінің жарнамалық билбордтарды заңсыз демонтаждау мәселесі бойынша «Универсал – жарнама Outdoor» жарнама агенттігі» ЖШС жүгінді. Бүгінгі таңда ЖШС-не тиесілі билбордтар бұрынғы орындарына орнатылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаға тартылғандығы хабарлады, баспасөз мәжілісінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.

Comments (0)
Add Comment