Көшпелі керуеннің өнегесі мол

№11 аумақтық округінің «Құмшағал» шағын ауданында «Ғибратты керуен» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ Суретті түсірген Дионисий ПЛЯШЕШНИК

Ұрпақ сабақтастығы, кеше, бүгін һәм ертеңгі күннің тарих беттерінде қалар таңбасы үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру аса маңызды. Өрескел ұрпақтың келешегіне алаңдап, кемеңгерлік танытып, әр жастың санасына ақыл құйып, бойындағы бар асыл қазынасымен бөлісу –үлкеннің міндеті. Осындай игі іс аясында «Ғибратты керуен» жобасы ұйымдастырылған болатын.

Ұрпақ сабақтастығы, кеше, бүгін һәм ертеңгі күннің тарих беттерінде қалар таңбасы үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру аса маңызды. Өскелең ұрпақтың келешегіне алаңдап, кемеңгерлік танытып, әр жастың санасына ақыл құйып, бойындағы бар асыл қазынасымен бөлісу – үлкеннің міндеті. Осындай игі іс аясында «Ғибратты керуен» жобасы ұйымдастырылған болатын.

– Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақты диалог арқылы рухани құндылықтарға, ұлттық ерекшеліктерге тәрбиелеу. Жастар өздерінің әдет-ғұрпы мен дәстүрін ұмытпауы үшін үлкендерден бәрін сіңіріп өсуі қажет. Әрдайым қазақ халқының дамуына үлкен үлес қосқан ата-бабаларын еске алып, оларды құрметтеуі де – ізгіліктің бастауы, – деді шараны ашып, жүргізген Руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев.

Сондай-ақ жиын барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев «Салт-дәстүрлердің жастарға дұрыс тәрбие берудегі рөлі» тақырыбында сөз қозғаса, Тараз қаласы әкімінің аппарат басшысы Дәурен Әбдіқасымов «Ардагерлер – асыл қазынамыз», Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев «Дін – тәрбиенің рухани тірегі», Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов «Бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – ең басты құндылық», Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Гүлсімай Бегалиева «Дәстүр мен жаңашылдық жасампаздығы және жастар бастамашылығы» сынды түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітті.

– Мен барша халыққа бірлік пен келісім тілеймін. Қазақ ұлты қашанда болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге негіз болатын салт-дәстүрге бай екенін ұмытпауымыз керек, – деді өз сөзінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулетхан Тоқметов.

Comments (0)
Add Comment