Көшелер самаладай жарқырайды

Бүгінде Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде. Осы орайда тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату да аса маңызды екені белгілі.

Айталық, облыс орталығында биыл 68 көшеге жарық жүргізілуде. Оның ішінде 2-ші Завод, 3-ші Завод, Завод, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 Строительный, 1-ші Строительный, 2-ші Строительный, Стариков, Байқоразов, Цветочная көшесінің бұрылысы, Хмельницкий, Науаи, Чехов көшесінің 2-ші бұрылысы, Химик, Овсянников, Акмолинская-Артем, Железнодорожная, Менделеев, Народная, Әбдіров, Дачная, Майлықожа, Домалақ ана, Бебель, Түрксіб-1, Түрксіб бұрылысы, Комаров – Локомотивная бұрылысы, Лобачевкий, Райымбек-1 Райымбек бұрылысы (Кутузов), Толстой-Тындыбеков, Тухачевский-Азизбеков, Мусоргский (Пірмановтан Сыздықов көшесіне дейін), Молдарбеков, Молдарбеков тұйығы, Уездная бұрылысы, Клубничная-Ягодная, Сарымолдаев, Есенин-Анарбаев-Беделбаев, Лукманов (Теміржолдан КЕГОК-қа дейін) – 1-ші Лукманов бұрылысына дейінгі көшелерде тоқсан пайыз жұмыс аяқталды.
Ал «GIobal Lighting Group» ЖШС мердігерлігімен жұмысы басталған Медеу, Барыс, Ақбастау, Байтақ, Жихангер-Аққорған, Қосанов, 2-ші Степная – Жас дәурен, Лазеров, Пирогов, Құлжабаев, Жетісу көшелерінде 30 пайыз жұмыс аяқталса, «Ерасыл Құрылыс-2013» ЖШС Смаилов, 1-ші Смаилов бұрылыстары, Ақбоз батыр, Болатов, Жаңасаз, Бұқар жырау, Алатау, Воинская, 3-ші Сухамбаев, Чернышов көшелерінде жарық шамдарын орнату жұмыстарын келесі айдың ортасына қарай аяқтауды жоспарлауда. Сондай-ақ Ақжол-Ақжол бұрылысы (Дальная), Гончаров, Шмит, Назарбаев мектебі (Айша бибі көшесінен 13 мөлтекауданға дейін), Уәлиханов 4-ші бұрылысы, Рахмати (Қойгелдіден Түйебаевқа дейін), Қасымбеков, Өтеулиев, Өтеулиев бұрылысы, Қарахан көшелерінде жұмыс жиырма пайызға орындалған.
Жалпы жоғарыда айтылған 68 көшедегі құрылыс қарқыны көз қуантады. Барлығы тиісті кестеге сәйкес жүргізілуде. Жарық шамдарын орнату толық аяқталса, заң талаптарына сәйкес монтаждау жұмыстары басталып, құжаттары рәсімделеді. Осылайша Тараздың көшелері самаладай жарқырайтын күн жақын.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment