Тараз қаласында алғаш рет қоғамның назарын қала көшелерінің тарихына аудару, әр көшенің өзіндік атауы мен сырын жұртшылыққа насихаттау, көшелердің тарихы туралы жастар танымын арттыру мақсатында «Көше күндері» жобасы өткізілуде.
Бүгінгі игі іс облысымызға есімі берілген, ұзындығы 8 шақырымнан асатын қаламыздағы ең ұзын даңғыл саналатын, биыл елімізде 175 жылдық мерейтойы тойланып жатқан, 1984 жылы Жамбыл қалалық атқару комитетінің №195 шешімімен жыр дүлділі Жамбыл бабамыздың есім берілген Жамбыл даңғылынан бастау алып отыр.
Аталған жоба – дәстүрлі түрде жалғасатын болады. Жоба аясында қала бойынша барлық көшелер қамтылады.
Қала тұрғындары арасында қызықты сауалнамалар, кітап, қолөнер көрмелері, спорттық іс-шаралар, «Менің көшемнің тарихы» тақырыбында сауалнамалар жүргізілуде. Бүгін Жамбыл атындағы Руханият орталығында қала тұрғындарымен қонақтарына арнап орталықта Жамбыл бабамызға арналған көрме өтті.