Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жазушымен бір күн» акциясы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» ордені мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатының иегері, белгілі жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай «Көсемәлінің көркем әлемі» атты шығармашылық кеш өтті.
Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында өткен шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы-ның басшысы Ерлан Жүнісбай, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, ақын Қайырбек Асанов, Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шарада алғашқы болып сөз алған Ерлан Нұрманұлы қаламгерге ақжар-ма лебізін арнады.
– Руханият айдынында еркін құлаш сермеген Көсемәлі Сәттібайұлының өнегелі өмірі мен шығармашылық жолы баршамызға үлгі. Ол әдебиет пен журналистикаға тыңнан түрен салып, өзіндік жолын қалыптастырды. Сол арқылы оның қазақ руханиятына қосқан үлесі қомақты. Өскелең ұрпаққа әлі де берері мол қаламгердің әрбір туындысы оқырманның сүйіп өскен шығармасына айналды, – деген басқарма басшысы мерейтой иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын тапсырып, иығына шапан жапты.
Келесі кезекте белгілі ақындар Қайырбек Асанов пен Шырын Мамасерікова мерейтой иесіне жылы тілектерін жолдап, жырдан шашу шашты. Сондай-ақ өзге де замандастары қаламгер туралы жарқын естеліктерімен бөлісіп, ғұмыр жолы жайлы сыр шертті.
Кеш барысында жамбылдық өнерпаздар шараның көркін қыздырып, өз өнерлерін паш етті. Айталық, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері кеш ие-сіне арналған арнау өлеңдер бойынша композициялық көріністі көпшілік назарына ұсынса, К.Әзірбаев атын-дағы облыстық филармонияның әншісі Жасан Тілеубеков Нарша Қашағанұлының сөзіне жазылған «Таласым» әнін әуелете шырқады.
Шара соңында Көсемәлі Сәттібай-ұлы жиналған қауымға шынайы алғысын білдіріп, ізгі тілегін жеткіз- ді.