Көрінеу жалған терроризмге қарсы іс-қимыл жұмысы туралы

Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен (ҰҚК, ҰҚК АТО, ҚМА және ІІМ) бірлесіп, көрінеу жалған терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

2022 жылы терроризм актілері бойынша жалған хабарламалар саны артты. Қылмыстық кодексінің 273-бабымен 181 қылмыстық іс қозғалды.

Әдетте, аталған фактілерді тексеру көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел тергеу топтары барады. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс режімі бұзылады.

Бұл күш пен құралдардың айтарлықтай ауытқуына әкеледі, тексерілетін коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, терролық шабуыл туралы жалған хабарламалар адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең мен құрбандыққа әкелуі мүмкін.

Құқық қорғау және арнайы органдар осындай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау бойынша шаралар қабылдайды.

2022 жылы 25 адам сотталды.

Мысалы, 2022 жылғы шілдеде Қостанай облысының тұрғыны өз көршісінен кек алу мақсатында электрондық поштасын бұзып, оның атынан Астана және Алматы қалаларының 13 нысандарына (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер және т.б.) терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жіберген үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысында құрдастарымен бәстесіп электронды пошта арқылы 3 мектепті миналау туралы хабарлама жіберген 13 жасар бала анықталып, полицияға жеткізілді.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, құқықтық тәртіпті қорғау органдарында қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін осындай құқық бұзушыларды жедел анықтау практикалық тәжірбиесі бар.

Тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де әрекет етеді.

Жедел өзара іс-қимыл мақсатында шет мемлекеттермен интернет-кеңістіктегі анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректер алмасу бойынша Қазақстанның Бас прокуратураның үйлестірумен Будапешт конвенциясына («Компьютерлік қылмыстар туралы») қосылуға жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін «ауыр» санатына жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселені пысықтауда.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment