Көпбалалы отбасы баспаналы болды

Сарысу ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаға ауылдың ерікті жастары, кәсіпкерлер мен демеушілер тартылып, құрылыс материалдарын сатып алу, құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба шеңберінде жуырда тағы бір отбасы баспанаға ие болды. Байқадам ауылдық округіне қарасты Саудакент ауылының тұрғыны, бес балалы әке Лесбек Жүнісовке жаңа үйдің кілті табысталды. Аудан әкімдігінің бастамасын қолдаған 1983 жылғы ауыл жастары пәтер иесіне кір жуатын машина мен теледидар сыйлады.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 2 миллион теңгеге үй сатып алынып, тағы 1 миллион теңге қаражат күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған.

Лесбек Ысқақұлы көпшілікке үлгі боларлықтай игі істер өз жалғасын табуына тілектестігін білдіріп, қайырымды жандарға алғысын айтты.

Comments (0)
Add Comment