Көне шаһардың келбеті адам танымастай өзгереді

«Тазалық табалдырықтан басталады» дейді халық даналығы. Тазалық – тәртіптің бастауы, денсаулықтың кепілі екені тағы айқын. Туризм орталығына айналуды көздеген Тараздың таза болуы осы мақсатқа жетуді жеделдетері сөзсіз. Бұл тұрғыда «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС мекемесінің тындырып жатқан тірлігі көңіл көншітеді. Осы орайда мекеме басшысы Азамат Әбішовпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. 

– Азамат Тұрсыналыұлы, бүгінде қала тазалығына үлес қосып жүрген «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-де қанша адам жұмыс істейді?

– Қазіргі таңда аталған мекемеде жалпы саны 791 адам қызмет атқаруда. Олардың қатарында штаттық және қоғамдық жұмысшылар бар. Тағы бір айта кетерлігі, серіктес- тіктің қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 268 алаңшасы орнатылған. Ағымдағы жылы 42 алаңшаға жөндеу жұмыс- тары жүргізіледі. Сондай-ақ мекеме 1540 дана жәшікпен қамтылған. Биыл тағы 520 жәшік алу жоспарда тұр.

– Мекеме қажетті техникалармен қаншалықты жабдықталған? Олардың жай-күйі қандай деңгейде?

– Біздің мекемеде техника да жеткілікті. Қазір осындағы 107 бірлік техниканың 9-ы күрделі жөндеуді қажет етсе, 21-і тозығы жеткендіктен жарамсыз күйде. Қалған 77 бірлік техника жұмыстар жүргізілуде. Соған орай биыл мекеме 1 қоқыс таситын, 1 манипулятор және 5 су таситын жаңа техникамен қамтамасыз етіледі.

– Қазіргі таңда серіктестік тарапынан шаһарды көгеріштендіру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Мекеменің алдағы жоспарымен бөліссеңіз…

– «Жасыл ел-Тараз» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыс ауқымды, жоспарымыз айқын. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында қала аумағында 7 000 дана бойлары 2,5-3 метр болатын жабық тамырлы ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Алайда бізге берілген сметалық құжат бойынша 5 532 дана ағаш көшетін отырғызу туралы жұмыс бекітілген. Қазіргі таңда мекеме жұмысшыларының күшімен «Төңкеріс» аллеясы, «Бәйтерек» ықшамауданы, Жамбыл даңғылы мен Тәуке хан, Төле би, Айша бибі, Қ.Сәтпаев, Ы.Сүлейменов, Е.Ниетқалиев көшелерінің бойында 2524 ағаш егілді. Сонымен қатар қыстан кейінгі 25 000 раушан гүлдің түптерін ашу жұмыстары атқарылып, оларға күтім жасалуда. Сондай-ақ қыстан кейінгі қар, құм, тұз астында қалған жарамсыз көгалды кайта қалпына келтіру жұмыстары да жүйелі жүзеге асуда.
Бұған қоса бойлары 5-10 сантиметрге өсіп кеткен көгалды қырқу бойынша берілген сметалық жоспарға сәйкес, белгіленген 22300 шаршы метрдің 4482,03-і орындалды. Атап айтсақ, облыстық, қалалық әкімдіктердің аумағындағы және Төле би көшесінің бойы, Тұнғыш президент саябағы, «Тәуелсіздік, «Қазақ хандығы» монументтері маңында өскен шөптер орылды. Тағы бір айта кетерлігі, қала бойынша ағаштарды санитарлық кесу бойынша сметалық жоспарда көрсетілген 20 000 бұтақтың 9630-ы кесілген.
Көне шаһарды көгеріштендіру жұмыстары жыл сайын қарқын алуда. Соның жарқын айғағы облыстық, қалалық әкімдіктің алды мен Төле би, Абай даңғылдарының бойы, «Жеңіс», «Желтоқсан-86», Тұңғыш Президент саябақтарына 19530 шаршы метр гүл егу жоспарлануда.
Қолға алынған ілкімді істер мұнымен шектелмейді. Көшелерді тазартуға да айрықша көңіл бөлініп, бүгінде Тараздағы 1261,88 шаршы метрді құрайтын көшелері жуылды. Жалпы қала күнделікті қала аумағында 40 магистральді көше жуылады. Бұдан бөлек, Төле би даңғылы, І.Жансүгіров, Шостокович көшелері мен «Тектұрмас» кешені, «Жеңіс», Тұңғыш президент саябақтарындағы арық жүйелері қоқыстар мен топырақтан тазартылды. Осы орайда каналдар мен арықтардан күніне 8 текше метр қоқыс шығарылатынын айта кеткен абзал. Қоқыстарды тазалап ғана қоймай, оларды жою жұмыстары да жүйелі жолға қойылған.
«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бүгінде орындықтар, қоқыс жәшіктер, балалар ойын аланшаларындағы әткеншекті, су бұрқақтарды жөндеу және брусчаткалар мен граниттік плиталарды қайта калпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы 87 саябақ пен 42 саяжайды абаттандыру да назардан тыс қалған емес. Шаһардағы қураған ағаштарды бұталау да серіктестік тарапынан атқарылатын жұмыс- тардың бір бөлігі. Бұға, қоса облыс орталығы аумағында бүгінде орта есеппен 8 008 мың/куб 150 шақырым арық жүйелерін тазалау жұмыс- тары жүргізілуде. Сондай-ақ 24 сәуірден бастап «Қарасу» каналы да тазаланатын болады.
Әрине, бұл мекеме тарапынан атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Алда тұрған межелі міндеттер жетерлік. Осы орайда барша қала тұрғынын шаһар тазалығына белсене атсалысып, сенбіліктен шет қалмауға шақырамын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment