Көне шаһардың көкжиегі кеңейеді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласындағы бірқатар аумақтың егжей-тегжейлі жобалау жоспарына енгізілген кейбір түзетулер талқыланды. Жиында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков баяндама жасады. Ол облыс ә к і м і н і ң т а п с ы р м а с ы н а сәйкес, қаладағы үш алқаптың жоба-жоспарына жан-жақты тоқталды. А т а п а й т с а қ , № 1 5 ықшамауданның егжейтегжейлі жоспарлау жобасы с о ң ғ ы р е т 2 0 1 9 ж ы л ы бекітілген болатын. Ұсынылған ө з г е р і с т е р г е с ә й к е с , тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарының аумағы ұлғаюда. Аталған аумақта көпқабатты тұрғын үйлер саны – 154, жеке тұрғын үйлер 967 болатын. Оның ішінде 255 жер телімін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша беру қарастырылған. – Бұған дейін 47 жер телімі пайдалануға берілді, қалған жер телімдерін үй-жай үлгісіндегі таунхаустар құрылысы үшін қ а р а с т ы р ы п , ау к ц и о н ғ а шығаруды жоспарлап отырмыз. Жобамен 69 типтік таунхаус қарастырылуда. Әрбір таунхаус 8 пәтерден жоспарлануда. Ж а л п ы а л ғ а н д а , ықшамауданда 4 орта мектеп құрылысы көзделсе, оның 2-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының талаптарына сай келеді. 280 орындық 6 балабақша, 750 келушіге арналған 3 емхана, 2 спорт алаңы, оңалту орталығы, мешіт, дене шынықтырус а у ы қ т ы р у к е ш е н і , оқушылардың мектептен тыс даму орталығы, көгалдандыру аумағы қарастырылған, – деді Бақытжан Орынбеков. Жо спарланып отырған жұмыстар барысында 38,55 гектарға сквер, саябақтар, демалыс аймақтарын салу көзделген. «Түйте» және «Үшбұлақ» каналдары бойын көгалдандыру, арнасын қайта қалпына келтіріп, жағалауын абаттандырып, серуендеу аймақтары ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ кеңестің күн тәртібінде қаралған екінші аумақ – 14-ші шағынауданның көлемі 125 гектар болып бекітілуде. Қ а з і р г і у а қ ы т т а ш а ғ ы н а у д а н н ы ң ш е к а р а л а р ы н д а м а м а н д а н д ы р ы л ғ а н I T лицей-интернаты, облыстық онкологиялық аурухана, «Біз біргеміз» монументі орналасқан және облыстық о ң а л т у о р т а л ы ғ ы н ы ң құрылысы жүргізілуде. М ұ н д а ж о б а м е н 8 1 көпқабатты тұрғын үй (жалпы 4 532 пәтер) қарастырылған. Оның ішінде 64 таунхаус үлгідегі үй, 25 үш қабатты көппәтерлі үй, 29 бес қабатты, 6 жеті қабатты, 5 тоғыз қабатты, 11 он қабатты, 5 он үш қабатты үйлер бар. Аумақта білім, денсаулық сақтау, спорт нысандарынан бөлек, жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден асатын саудаойын-сауық орталығы және 1 200 орындық концерт залы қарастырылуда. Басқосу барысында Асқаров көшесінің соңындағы 312 га аумақтың жобасы да талқыланды. Облыс әкімі барлық жоспарлы жұмыстарда жаңашылдықпен қатар Тараз қаласының өзіндік тарихи болмысын да назардан шығармаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ аймақ басшысы аумақтардың барлық инженерлік-коммуникациялық и н ф р а қ ұ р ы л ы м д а р м е н қамтылуына, халыққа қызмет к ө р с е т у н ы с а н д а р ы н ы ң қ о л ж е т і м д і л і г і н е ж ә н е қауіпсіздік шараларының сақталуы ескерілуі керектігін ескертті. – Б і з т ұ р ғ ы н д а р д ы б а с п а н а м е н ғ а н а е м е с , олардың игілігіне қызмет ететін нысандармен де қамтып, қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасауға тиіспіз. Облысымыздың айнасы саналатын Тараз қаласындағы к ө п т е г е н қ о р д а л а н ғ а н мәселелерді шешуге күш салу керек. Бұл бағытқа облыстық бюджеттен 7 миллиардқа ж у ы қ қ а р ж ы қ а р а л уд а . Қоғамдық көліктерді жаңарту, ирригациялық және жылу жүйелерін реттеу секілді басқа да маңызды мәселелерге басымдық беріледі, – деді Нұржан Нұржігітов.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Comments (0)
Add Comment