Көне шаһарда қоғамдық көліктер жаңаруда

«ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 2004 жылдан бастап жолаушылар тасымалымен айналысады. Олар бүгінде Тараз қаласының 19 бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметін ұсынады.

Өткен жылдың соңында 10 жаңа автобус сатып алу үшін қаражаттың қажеттігі белгілі болған еді. Соған орай серіктестік «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына хабарласып, толық кеңес алып, өз жұмысын жүзеге асыру мақсатында несие алу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінген. Нәтижесінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несие мақұлданды.

Сондай-ақ қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ұсынып, бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызды құрады.

«Даму» қорының арқасында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС таяуда «ZHONG TONG LCK6105HG» маркалы 10 жаңа заманауи автобус сатып алды. Серіктестік жаңа автобустардың санын бұдан да арттыруды жоспарлауда.

Жұматай Көксубай

Comments (0)
Add Comment