Көне шаһар әсем гүлдермен көмкерілуде

Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға көп көңіл бөлінуде. Әрине, жайқалған әсем гүлдер қала көшелеріне сән беріп қана қоймай, тұрғындарға да ерекше әсер сыйлайды.

Осы мақсатта биыл көктем-жаз айларында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызылды. Оның ішінде 5 мың шаршы метр арнайы гүлзарларға, 627 шаршы метр қазандыққа гүл егілді. Нақтырақ тоқталсақ, облыстық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 2 237, 63 шаршы метр (134 257,8 дана), қалалық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 769,61 шаршы метр (46 176, 6 дана), Төле би көшесінің Ұлбике ақын көшесінен бастап Жамбыл даңғылына дейінгі бөлігіне – 4 589 шаршы метр ( 275 340 дана), теміржол вокзалы – 111, 85 шаршы метр (6 711 дана), әуежай сквері – 247,79 шаршы метр (14 867 дана), «Жастар» аллеясы – 3 291,63 шаршы метр (197 497,8 дана), Қарахан сквері – 1 694,03 шаршы метр (101 641, 8 дана), Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында – 1 337, 20 шаршы метр (80 232 дана), Тәуке хан көшесіндегі көпірдің айналасындағы гүлзарларға – 230,07 шаршы метр (13 804 дана), «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі гүлзарларға – 243,14 шаршы метр (14 588, 4 дана), С.Аққозиев көшесі (айналма жол) – 179, 07 шаршы метр (10 744, 2 дана ), Д.Қонаев сквері – 294, 96 шаршы метр (176 697, 6 дана), Төле би мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы – 289,07 шаршы метр (17 344,2 дана), Тұңғыш Президент саябағы – 314,76 шаршы метр (18 885,6 дана), «Көне Тараз» кешені – 1 682,67 шаршы метр (100 960, 2 дана), Төле би көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысы – 418, 45 шаршы метр (25 107 дана), Төле би көшесі мен Қолбасшы Қойгелді көшесінің қиылысына 345, 73 шаршы метр (20 743, 8 дана) гүл отырғызылды.
Бұған қоса, Төле би, Жамбыл, Тәуке хан көшелері мен «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне біржылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі егілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы да өз жалғасын тауып, шаһар аумағына көктем-жаз айларында 50 мыңнан аса раушан гүлі және 700 мың дана біржылдық гүл отырғызу жоспарлануда.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment