Көне шаһар күн сайын көркейіп келеді

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді тарихы тағылымға толы Тараз қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тараз – 2000 жылдық тарихты бойына тұндырған, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығына айналған ғасырлар ғаламаты. Бүгінде көне шаһар тотыдай түрленіп, құлпыра түскені жасырын емес. Жаңарған саябақтар мен скверлер, абаттанған аулалар мен көшелер, әрленген әлеуметтік нысандар мен ескерткіштер қала көркіне көрік қосуда. Жыл өткен сайын Таразда заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді. Жаңа шағынаудандар, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынуда. Бұл, әрине, ең бірінші баянды жобалар мен жұмыла атқарған жүйелі жұмыстың жемісі екені анық.

Қадірлі тараздықтар!

Қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін! Баршаңызды Қала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт пен береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін!
Көне шаһар көркейіп, көріктене берсін!

Ізгі ниетпен, Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Comments (0)
Add Comment