2024 жылғы 1 сәуір күні «Шымкент-Астана» бағытына қатынайтын жолаушылар поезы Тараз қаласына кіре-берісте белгісіз тұлға жолаушылар вагонының терезесін тас лақтырып сындырған.
Аталған дерек Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінде тіркеліп, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Тараз қаласы Құмшағал мөлтек ауданының кәмелет жасқа толмаған «Қ» есімді 13 жастағы 6 сынып оқушысы оқушысы анықталды. Ол өз кезегінде кінәсін мойындады.
Полиция қызметкерлерімен жасөспірімнің анасына қатысты өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттар Жамбыл облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Ағымдағы жылғы 10-шы сәуір күні Жамбыл облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жасөспірімнің анасы кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.