Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірлесе отырып, қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 20-24 ақпан аралығында теміржол және әуе көлігі бойынша жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жолаушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту бойынша «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде. Аталған акция шеңберінде жолаушылар мен күтіп алушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.