Бүгінгі таңда Қазақстанның көлік саласы елді әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономиканы және өнеркәсіптік өндірісті модернизациялау бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті осы саланың қызметкерлеріне айрықша мән берілуде. Айталық, елімізде тамыз айының бірінші жексенбісі Көлік қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді.
Осыған орай қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил сала мамандарын арнайы қабылдап, мерекемен құттықтады.
– Кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын, республиканың елді мекендерінің тіршілігін, азаматтардың іскерлік және мәдени байланыстарын қамтамасыз ете отырып, көлік және байланыс саласының қызметкерлері ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға еселі үлес қосып келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдық күнделікті міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге қазіргі экономикалық жағдайда сала жұмысын жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға көмектеседі, – деген Қайрат Әбілханұлы сала үздіктеріне Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.
Лаура Абайқызы