Көлік қоршауды бұзып өтті: Зардап шеккендер бар (Видео)

Аталмыш фактіге қатысты cараптама тағайындалды.Тексеру жүргізілуде,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі jasqazaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 1 қараша күні сағат 08.40-та «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесі мен Абай көшелерінің қиылысында жүріп келе жатып, «Жол бер!» жол белгісінің талаптарын орындамастан, «Хонда» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. — Соққыдан «ВАЗ» жүргізушісі жеке тұрған үйдің қоршауына соғылған, қоршау өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан павлодарлық тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «Хонда» жүргізушісінің әйелі мен қызы медициналық көмекке жүгінді, — дейді департаментте.

Comments (0)
Add Comment