Көктайғақ, жел, қар: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 1-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандары мен солтүстігінде тұман күтіледі. Тәулік бойы 2-3 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының солтүстік-шығысында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысынан, батысынан, батысынан, солтүстігінен, шығысынан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында түнде көктайғақ болады. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ал облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде – тұман, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, батыста, оңтүстікте 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Comments (0)
Add Comment