Көктөбе көшесіне асфальт төселуде

Бүгінде қаланың қай шетіне барсаңыз да, қарқынды жол жөндеу жұмыстарын көзіңіз шалады. Әсіресе бұрын-соңды жол игілігін көрмеген аумақтарға ерекше екпін түсірілуде. Жол экономиканың күретамыры болғандықтан, оған тұрғындар тарапынан сұраныс та жоғары. Оның үстіне тақтайдай тегіс жол – қауіпсіздіктің кепілі, туристерді тартудың мүмкіндігі. Қаланың 3 жылдық даму жоспарында да бұл мәселе айқын көрініс тауып отыр.

Айталық, күні кеше Көктөбе көшесінде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Құрылыстың мердігері – «КАТСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы – «Билдинг-Строй ЛТД» ЖШС.
Жалпы құрылыс жұмыстары жүретін жолдың ұзындығы 2 шақырым 300 метрді құрайды.

Айта кетейік, «Тастақ» тұрғын алқабындағы Көктөбе, Бұқар жырау көшелері, Мәмбет батыр көшесінің тұйығы және Мәмбет батыр 1-ші бұрылысы орташа жөндеуден өткізілуде. Енді бірер күнде қалған көшелерге асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда.

Дедек Төлен

Comments (0)
Add Comment