1 қыркүйек күні Ақмола облысында кәріз құдығында уланып, есінен танған екі ағайынды жігіт құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар аммиак буынан уланған.
«40 жастағы ер адам кәріз құдығын тазалау кезінде есінен танып құлады. Кейін оны құтқаруға 42 жастағы ағасы құдыққа түсті. Ол да есінен танып қалды. Арада 30 минут өткен соң, оқиға орнына құтқарушылар жетіп, ағайынды екеуін сыртқа шығарып, ес-түссіз күйінде жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Анықталғандай, екеуі де аммиак буымен уланған», – деді ведомстводан.