Көкшетауда банк қызметкері клиенттің ақшасына өзіне кроссовка сатып алған

Көкшетауда банк қызметкері клиенттің ақшасына өзіне кроссовка сатып алған

Көкшетауда банк менеджері клиенттің банк картасымен өзіне кроссовка сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау полициясына 19 жастағы жергілікті тұрғын банк картасынан ақша жоғалып кеткенін айтып арызданған. Бойжеткен банктік операцияларды жүргізбегенін айтты.

Жедел уәкілдер арызданушы ақша жоғалар алдында бір күн бұрын жүгінген жергілікті банктердің бірінің менеджерінің жеке жинақ ақшасын ұрлауға қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Бір күн бұрын бойжеткен жоғалған картасын қайта шығару үшін банкке келген.

«Банк қызметкері бірқатар арнайы операцияларды жасап, банктің ақпараттық жүйесін заңсыз пайдаланып, клиенттің картасын оның мобильді қосымшасына байлап, одан кейін ештеңе болмағандай жаңа карта берген», – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Жұмыстан шығып, банк менеджері дүкенге барған, ол жерден өзіне 49 мың теңгеге жаңа кроссовка сатып алған. 26 жастағы жігіт оларды жәбірленушінің ақшасынан төлеген.

Полицейлер «Ұрлық» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Comments (0)
Add Comment