Айсәуле Бақытбек сәбиінің жынысын алғаш білген сәтте аса қуанбағанын айтады. Сөзінше, күйеуі отбасында жалғыз ұл болғандықтан, оған айналадағы адамдар қысым жасайтындай көрінген. Алайда көп ұзамай, блогер бұл ойынан айнығанын айтады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Гендер-патиде бізде қыз болатынын білген сәтте не сезгенімді нақты білмеймін. Қысым сезгендей болдым. Күйеуім отбасында жалғыз бала, жалғыз немере. Қазақстанда мұның нені білдіретінін өзіңіз де түсініп тұрсыз. Егер де ұл бала болса, айналадағылардың бәрі қаттырақ қуанатындай көрінді», – деп бөлісті Бақытбек.
Алайда көп ұзамай блогер мұның «сандырақ» екенін түсінген.
«Жүктілік бойы қызымды күтумен қуанып жүрдім. Ал қазір қолымда қызымды ұстап тұрып өмірде менен бақытты жан жоқ екенін түсінемін. Қыз деген сондай ляззат сыйлайды. Мен оны сондай жақсы көремін. Тіпті Әлішерге: «Егер де ұл бала болса, оны осыншалықты жақсы көрмес пе едім», – дедім», – деп ағынан жарылды ол.