Ресейдің Нижневартовск қаласында ер адам хиджаб киген әйелін тексерген дәрігер дерматовенерологты соққыға жықты. 21 қыркүйек күні болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дау орын алған күні дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей науқастарды қарауды жүргізген. Түскен кейін оның алдына медициналық тексеруден өту керек болған мұсылман қыз келеді. Алғашында қыз тексеруді ер дәрігер жүргізгенін қаламайды. Жерноклеев өз кезегінде қызға тексерілуден өтуі үшін басшылыққа хабарласуға кеңес береді.
Алайда ақырында қыз көніп, дәрігер оның ішінің бір бөлігін тексереді де қыз кетіп қалады. Оның артынан қыздың күйеуі дәрігер отырған кабинетке кіріп келеді де «Әйелдердің ішін сипағанды жақсы көресің бе!» деген сөздермен тарпа бас салады.
Алған соққыдан дәрігердің миы шайқалып, басы жараланған. Қол жұмсаған ер адам қолға түсті. Зардап шеккен дәрігер өзінің жұмыс тәжірибесінде көптеген әйелдерді, оның ішінде мұсылман әйелдерді де тексергенін айтады. Бірақ мұндай жағдай бірінші рет болып тұр дейді ол.