Әйел қызының тойына күйеу жігітті ұнатып қалғаны үшін бармайтынын мәлімдеген. Бұл туралы қыз WeddingBee форумында жазған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
WeddingBee форумының қолданушысы оқиғасымен анонимді түрде бөліскен. Анасы тойға бармау себебін күйеу жігітті ұнап қалуымен байланыстырған.
Қызының сүйіктісін ұнатып қалған әйел егер сәті түссе, күйеу баласына тұрмысқа шығуға да дайын екенін де айтқан. Сондықтан тойға қатысудан бас тартқан.
«Мен керемет жанмен атастырылдым. Біз екі жыл бұрын танысқанбыз. Қарым-қатынасымыз өте жақсы және одан артық адамды таппас едім», – деп жазады қалыңдық.
Қыздың айтуынша, отбасы мен болашақ жары жиі сапарға шығып тұрған. Демалыс күндері анасымен бірге теннис те ойнаған.
«Анам әкеммен отасқалы бері өзін бақытсыз сезінетінін айтты. Әкем бере алмаған сезімді менің күйеу жігітімнен алғанын мәлімдеді”, – дейді қалыңдық.
Бұл жағдайдан кейін қалыңдық барлығын әкесіне айтқан. Ер азамат бұл хабарды естіген соң үйден кетуге шешім қабылдаған.
«Әкем анамның терапия курсын өтпейінше, қонақ үйде тұратынын хабарлады. Күйеу жігітіммен арамыз да суи бастады. Осы үшін өзімді өте жаман сезініп тұрмын», – деп қосты қыз.
Қалыңдықтың басына түскен жағдайға қатысты форум қолданушылары өз пікірлерін білдірген. Көбі қызды жақтап, анасының бұл әрекетін сынға алды.