Ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысының полиция департаментімен ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді.

2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың 6 қатысушысын бір мезгілде ұстау операциясы жүргізілді. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тиісті сараптамалар тағайын-далды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Comments (0)
Add Comment