Биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!
Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз.
Париждің төрінде қазақстандық талантты жастар дуэт болып «Ертегі әлемі» атты әнді орындайды. 13 желтоқсан күні өткен «Junior Eurovision 2021» байқауының ашылу салтанаты кезінде тасталған жеребенің қорытындысы бойынша, біздің өнерпаздардың 10 нөмірде сахнаға шығатыны белгілі болды.