«Әйнектер шағылып кетті»: Теміртауда тағы бір көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды

Теміртауда тағы бір көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыстың күшінен пәтердің терезелері шағылып, пәтер иесі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Немересі атасы плитаны жақпасын деп газдың шлангісін суырып тастап кетіпті. Ал атасы қосқан. Газ бүкіл пәтерді алып, сыртқа білінгенде көршілердің бірі есікті ашып ескерту жасаған. Содан кейін ол есік терезелерді ашып желдеткен. Бірақ неге екені белгісіз шырпы тұтатыпты. Сол кезде жарылыс болған. Мен бірінші қабатқа түсіп жара жатқанда әйнектер шағылды”, – дейді көршілерінің бірі Мария Силка.

Жарылыс кеше түстен кейінгі уақытта болған. Оның күшінен подъезд бен пәтердің терезелері талқаны шыққан. Мамандар газ қолдануда сақтық шараларын ұмытудың соңы апатқа әкелетінін тұрғындарға тағы түсіндіруде.

Естеріңізге салсақ, тура осындай апат 10 күн бұрын да болды. Онда жарылыстың күшінен бүтін бір подьездің талқаны шықты. Төрт пәтердің түгі қалмай, құдай сақтап үйінді астында ешкім қалған жоқ. 4 адам жеңіл жарақатпен құтылған. Жарылыс болған 2-ші және бірінші подьездің сол жағы әзірге тұруға жарамсыз. Тұрғындар қазір дүние мүліктерін әкетіп жатыр. Күрделі жөндеу қаншаға созылатынын ешкім білмейді.

Далада қалған тұрғындардың пәтер жалдау ақысы бюджеттен өтеледі. Ал қалған екі подьездің тұрғындары пәтердеріне кешеден бері қайта кіре бастаған.

“Бес адамнан тұратын екі отбасы жатақханаға орналасты. 46 отбасы туыстары мен жалдамалы пәтерерге кетті. Оның ішінде 10 отбасы пәтер жалдады. Оның қаражаты бюджет есібінен өтеледі. Тұрғындарға қираған пәтерлерден дүнелерін алуға бүгін рұқсат етілді. Одан кейін күрделі жөндеу жұмыстары басталады”, – дейді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

 

Comments (0)
Add Comment