Әйелі жоғалып кеткенін хабарлаған. Маңғыстауда көлік жүргізушісі өлі табылды

Маңғыстауда автокөлік жыраға құлап, жүргізушісі қаза тапты, -деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 8 қыркүйекте сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне бір әйел хабарласып, күйеуі жоғалып кеткенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз Opel Vectra көлігімен жолға шыққан. Екеуі телефонмен уақыт өте сөйлесіп тұрған, алайда кейін байланыс жоғалып кеткен.

«Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Келесі күні таңғы сағат 09:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары көлікті Қызыл-Өзен ауылының маңынан тапты. Автокөлік жыраға құлап кеткені белгілі болды. Көліктің салонында жүргізуші ғана болған», – делінген басылымда.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Comments (0)
Add Comment