Қарт әжесі, көзі көрмейтін анасы және екі кембағал ағасымен «үй» деп айтуға келмейтін жерде күн кешіп келген Оразымбет баспаналы болып, қоныстойын жасады, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Оразымбеттің отбасына халықтан жиналған ақшаға Шымкенттен 30 миллион тұратын 5 бөлмелі жер үй алып берді.
Бұл қуанышты жаңалықты «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері желіде жеткізді.
Сонымен қатар, Оразымбеттің жеке өзіне 5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді.