Jah Khalib-тің Алматыдағы концертінде Лейла есімді қызға ұсыныс жасалды

Қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің шығармашылық кешіне көрермен болып келген бойжеткенге күтпеген жерден тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасалды. Болашақ қалыңдықтың есімі — Лейла, деп хабарлайды Экспресс К.

Әншінің Алматыдағы концертінде қолында 101 дана раушан гүлі бар жас жігіт залға тосыннан кіріп келеді. Алдыңғы қатарда отырған сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап, сақина сыйлады. Бойжеткен ғашығының ұсыныс ойланбастан қабыл алды.

Сахнада тұрған әнші бұл тосын сыйға өз пікірін білдіріп, жас жігіт аруды бақытты етуге лайықты екенін айтады. Өнер иесі жігіттен сүйіктісінің есімін сұрайды. Бойжеткеннің есімі Лейла екен. Мұны естіген зал көрермендері ерекше қол шапалақтайды.

Осыдан кейін әнші жастардың құрметіне өзінің репертуарындағы хит туындылардың бірі «Лейла» әнін орындайды.

Концерттегі бұл сәтті көрермендер жарыса видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Айта кетейік, Jah Khalib-тің концерті 19 тамыз күні Республика сарайында өтті.

Comments (0)
Add Comment