Жамбыл облысында жоғалған әскери Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам тартылды, олардың ішінде Жамбыл облысы полиция департаментінің, ТЖ департаментінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының 5513 және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, “Орманшылар” азаматтық персоналының өкілдері және туыстары бар,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Олар үш топқа бөлінді. Барлығы 50 техника жұмылдырылды. Арнайы тікұшақ та іске қосылған. Іздеу жасақтары таулы жерлерді де шолуда. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінің қызметшілері іздеуге атпен аттанды.
– Жамбыл облысының әкімінің тапсырмасымен хабар-ошарсыз кеткен жауынгер Бауыржан Дәуітбаевт іздеу шаралары күшейтілуде. Іздестіру жұмыстары бірден бірнеше бағытта жүргізіледі және бір сәтке де тоқтамайды, – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.
Жоғалған әскеридің ағасы Марат Дәуітбаев та іздестіруге белсене қатысуда.
⁃ Бірінші іздестіру тобымен бірге жақын маңдағы елді мекендердің аумақтарын әуеден шолып шықтық. Өкінішке орай, іздеу шаралары нәтиже бермеді. Бірақ біз үміт үзбейміз және ағамызды табамыз деген сенімдеміз,- деді ол.