Ғизат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы туған.
Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады (1986 ж.).
Еңбек өтілі:
1990-2017 жылдары – құқық қорғау (прокуратура, мемлекеттік тергеу комитетінің органдары) және мемлекеттік арнайы органдарда (ұлттық қауіпсіздік органдары).
2017-2019 жылдары – ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Бас прокуроры
2022 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.