Ислам Байрамуков мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Министрдің бұйрығымен Ислам Байрамуков мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ислам Ілиясұлы Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.

1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде оқыған. 2004 жылы спорттан кетіп, педагогикалық салаға ауысады.

1986 жылдан 1989 жылға дейін Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Алматы олимпиадалық резерв училищесінде спорт жаттықтырушысы;

1989 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты. Спорт жаттықтырушысы-оқытушы;

1993 жылдан 2004 жылғы дейін еркін күрестен Қазақстан Республикасының штаттық құрама спортшысы;

2007 жылдан 2009 жылға дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы;

Қоғамдық қызметі: 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. Қазақстанның қарашай және балқарлар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.


Олимпиада жеңімпаздары: олимпиада ойындарында медаль алған қазақстандықтардың толық тізімі

Comments (0)
Add Comment