Ішкі саяси тұрақтылық – елдігіміздің кепілі

Егемен еліміздің қол жеткізген стратегиялық жетістіктері мен қалыптасқан берік экономикалық негізі – еліміздің жүргізіп келе жатқан тұрақты ішкі саясатының арқасы.

Аталған бағытта жүзеге асырылып жатқан жоспарлы жобалар мен жүйелі жұмыстар халықтың басын біріктіріп, бір ой-мақсатқа тоғыстырды. Мемлекетімізде ел дамуы жолында тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық реформалар қолға алынып жатыр. Сонымен қатар елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасалды.
Бұл ретте маңызды рөл атқарып келе жатқан мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі мақсаты – қоғамдағы ішкі тұрақтылықты, келісімді нығайту. Осы жолдағы жауапты жұмыстың Тараз қаласында жүзеге асуына жауапты мекеме – қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің өткен жылы шаһардың ішкі саяси тұрақтылығын нығайтуға, ел басшылығы қойған міндеттерді шешу үшін облыстың барлық қоғамдық күштерін біріктіруге бағытталды.
Қаладағы барлық шара осы ішкі саясат негізінде жүзеге асырылады. Бұл тек мемлекеттік қызмет қана емес, қала тұрғындарының менталитетін, ой-санасын жақсы жаққа өзгерту бағытында, діни, саяси тұрақтылық және жастар арасындағы қарым-қатынасты жақсы жаққа бағыттау секілді өзге де жұмыстарды атқарады.
Ішкі саясат саласының маңызды қызметіндегі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндірудегі бағыттың бірі – идеологиялық жұмыстар. Идеологиялық жұмысты жүйелі жүргізуде ақпараттық-насихаттық топтардың рөлі зор. Бұл ретте 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын халыққа ақпараттық түсіндіру, насихаттау бойынша 120 іс-шара ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан аса адам қатысқан.
Сондай-ақ облыстық «Jambyl-Taraz» газетінде арнайы айдармен мақалалар жарық көріп, «JAMBYL», «77ТV», «Taraz24» телеарналарынан сюжеттер көрсетіліп, ақпараттық агенттіктерде – 10 және әлеуметтік желілерде 383 материал жарияланған. Ал әлеуметтік желілерде қаланың ардагерлері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, жастардың және қоғамдық пікір көшбасшыларының Жолдауды қолдау бойынша 33 пікірі жарияланған. Сонымен қатар өткен жылдың басынан бері Мемлекет басшысының Жолдауымен байланысты 15 баннер ілінген.
«Болашаққа бағдар – ұлттық рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға айқындалған бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культі, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы атты 6 басымдықты түсіндіруде және жүзеге асыруда қолданған шаралары өз жемісін беруде. Нәтижесінде, мақала туралы ақпараттандыру аймақта жағымды бағдар қалыптастырды. Нәтижесінде, 2023 жылы жоспарға сәйкес, 122 және жоспардан тыс 277 іс-шара ұйымдастырылған.
Ал «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2 отбасыға үй берілді. Атап айтқанда, «Тараз Строй-2004» ЖШС-нің қолдауымен аталған жоба бойынша қала тұрғыны, жалғызбасты ана П.Тоқсанбаеваға 4 бөлмелі пәтер және 31 шілдеде «Бекмұратов» ЖК-нің демеушілігімен қала тұрғыны, жалғызбасты ана А.Байзаховаға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Үгіт-насихат, көрнекі ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу үшін 2023 жылы қала бойынша 95 билборд, 38 призматрон, 11 LED-экран, 1 скроллер, 7 шағын архитектуралық нысан, 86 тутұғыр, 13 арка мен 12 пилон жұмыс істеп тұр. Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, ірі қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларды ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында билбордтар мен пилондарға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жас ұрпақты отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік 161 баннер, әуежай маңындағы, «Қазақ хандығы» монументіндегі, ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы, орталық «Достық» алаңындағы, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы, «Жеңіс» саябағындағы тутұғырларға 86 жалауша орналастырылған.
Сондай-ақ 13 арка мен 7 шағын архитектуралық нысанға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, халық даналығынан алынған нақыл сөздер жазылып, безендірілген.
Облыс орталығының аумағында ақпараттық саясатты жүргізу үшін қалалық ішкі саясат бөлімінде бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатылған. Ақпараттық мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, мейлінше маңызы зор қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық оқиғаларды жария ету жергілікті және облыстық БАҚ-мен мемлекеттік тапсырыс аясында және тақырыптық медиа-жоспарлар аясында жүзеге асырылады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада 65 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде мерзімді басылымдар саны – 31 (21 газет, 10 журнал). Сонымен қатар 3 телеарна және 31 ақпарат агенттігі бар.
2023 жылы Тараз қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың, Президент Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы және өз салаларына қатысты мәселелер бойынша бірінші басшылардың сөз сөйлеу кестесіне сәйкес, 169 мақала жарияланған.
Сондай-ақ қаланың оң имиджін қалыптастыру аясында республикалық БАҚ-та – 92 (телеарна – 30, газет – 26, сайт – 36) және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 176 материал (басылым – 61, телеарна – 49, ақпараттық портал – 66) жарияланған.
Тараз қаласының аумағында ақпараттық саясатты іске асыруға қалалық бюджеттен 86 103 800 теңге қаржы бөлініп, 7 бұқаралық ақпарат құралымен жұмыс жүргізілген.
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Осыған орай, қала аумағында отбасы институтын және отбасы құндылықтарын нығайтуға баса назар аударылып келеді. Нәтижесінде, аталған мақсатпен 2023 жылы 83 іс-шара өткізілген. Олардың қатарында 16 байқау, 16 семинар, 9 лекция, 5 спорттық іс-шара, 4 кездесу, 4 фестиваль, 4 тренинг, 4 «дөңгелек үстел» отырысы және тағы да басқа форматтағы 21 іс-шара бар. Жоғарыда аталып өткен шаралардың ішінен «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және заманауи кәсіптерді игеру» атты шеберлік сағаты, «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі, «Әкем, анам және мен» отбасылық спартакиада, «Көрпе FEST» атты байқауы, «Food Fest Taraz» атты аспаздар байқауы, «Киіз FEST» фестивалі, «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды қыздар байқауы, жастар мен жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтар, зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында жоғары және арнаулы оқу орындарында, жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген әртүрлі форматтағы іс-шараларды атап өтуге болады. Нәтижесінде, бұл жиындарға бас-аяғы оған 3 084 қала тұрғыны қамтылған.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің негізгі жұмысының бірі – қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, саяси партиялардың жұмыс істеуіне жол ашу. Бұл ретте бөлім тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар аталған бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүруін қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады. Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі – қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру.
Бүгінгі таңда Тараз қаласында саяси партиялардың 7 облыстық филиалы, 1 қалалық филиалы, 3 қалалық өкілдігі және «Жастар рухы» жастар қанаты қызмет атқарады. Қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау бағытындағы іс-қимылдар ұдайы пысықталып, алдын алу барысында наразы топтарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қала көлемінде өршіп келе жатқан кикілжіңнің туындауы анықталған жағдайда шұғыл түрде құқық қорғау органдарына хабарланып, бірлесе шаралар қабылданады.
Тараз қаласында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында да бірқатар жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, бүгінгі таңда қалада 4 конфессия бойынша 62 діни бірлестік пен филиал, 7 намазхана тіркелген. Олар: «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің 37 мешіті, 7 намазхана, христиан бағытындағы 21 діни бірлестік пен 4 филиалы (2 православиелік діни бірлестігі және 1 өкілдігі, 1 Рим-католик, 18 протестанттық діни бірлестік пен 3 филиалы және 1 құлшылық ету үйі).
Жастарды деструктивті діни ағымдарынан сақтау және діни сауаттылықтарын арттыру – бөлімнің назарында болатын басым бағыттардың бірі. Аталған мақсатпен қала көлемінде 61 кездесу ұйымдастырылып, 6 ақпараттық материалр топтамасы таратылып, жиындарға 7 126 жас қамтылған.
Ал жалпы халықтың діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 150 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 10 мыңнан аса адам тартылған.
Қазіргі уақытта жұма намазына 20 мыңға жуық қала тұрғыны қатысуда. Оның 45 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар, 35 пайызы – 36 мен 63 жас аралығындағы азаматтар болса, 20 пайызы – жасы 63-тен асқан тұрғындар.
Сол секілді христиан бағытындағы діни бірлестіктерге 2 мыңға жуық тұрғын құлшылық жасауға қатысып келеді. Оның 22 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар, 43 пайызы – 30 бен 63 жас аралығындағы азаматтар болса, 35 пайызы – жасы 63-тен асқандар.
Діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізуге арналған 7 үй-жай, оның ішінде 6 намазхана мен 1 христиандық құлшылық үйі қызмет етеді.
Облыс орталығында бүгінде мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын дамытуға да айрықша назар аударылды. Бүгінде қалада 514 үкіметтік емес ұйым ресми тіркелген. Олардың 100-і қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене қатысып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде қордаланған түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенділік танытып келеді.
Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін жергілікті мемлекеттік мекемелер арқылы әлеуметтік тапсырыстар қалыптастырылып, жұмыстар өз нәтижесін беруде. 2023 жылы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында 18 лот тақырыптары қалыптастырылып, қалалық бюджеттен 77 628 000 теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Жамбыл облыстық әділет департаментінің мәліметіне сәйкес, қалада 56 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін өз қызметі туралы мәлімет беруге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жолдаған мәліметіне сәйкес, Тараз қаласы бойынша 2023 жылы 277 үкіметтік емес ұйым өз мәліметтерін ұсынған. Нәтижесінде, дерекқорға мәліметін ұсынбаған 41 үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне хаттамалар толтырылып, Тараз қаласының әкімшілік сотына жолданып, соттың шешімімен ескерту берілген.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің жоспарлы және мақсатты жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта қаладағы барлық мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің талапқа сай орналастырылуы қадағаланып отырады.
Осылайша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңының 12-бабын басшылыққа ала отырып құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілген.
Бұдан бөлек, аталған тақырыптағы түсіндіру жұмыстары да жолға қойылған. Мәселен, былтырғы жылы «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық инспекциялық топтың мүшелері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Г.Аргенова, ҚР Ішкі істер министрлігі Геральдика, стандарттау және сапа тобының бас сарапшысы Г.Алғазинова, Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Д.Қалдығожиннің қатысуымен семинар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар өткен жылдың 2-4 маусым аралағында әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челлендж ұйымдастырылған. 4 маусым күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздері – елдігіміздің нышаны» атты акциясы аясында қаланың орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінде қатарынан Мемлекеттік Ту ілінген.
Сонымен қатар «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форум өтті. Форум аясында авто/велошеру ұйымдастырылды. Қаладағы «MART» сауда орталығынан бастау алған шеруге қатысушылар Тұңғыш Президент саябағына дейін орталық көшелермен екі бағыт бойынша жүріп өтті. Онда 40 велошабандоз, 50 автокөлік қамтылған.
Ал осы жылдың 20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Мемлекеттік рәміздер мен ведомостволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия қаладағы 24 мекемеге мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстарын жүргізген.
Қазақстанның болашағы қашанда халықтар арасындағы татулықпен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі маңызды элемент – барлық ұлыстардың мүддесін біріктірген, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету. Осы бағыттағы саяси тұрақтылық пен татулықтың көрінісі көне шаһарда этностардың өкілдері арасында нық қалыптасқан. Мұндағы этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық шиеленіс мәселелерінің алдын алу жұмыстарын жүргізу мен бірлікті бірізділікке салуда азаматтық қоғам институттары қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлескен түрде түбегейлі үйлестіріп отырады.
Қазіргі уақытта Тараз қаласында 25 этномәдени бірлестік ресми тіркелген. Ішкі саясат бөлімі тарапынан бірлестіктердің төрағаларымен тығыз қарым-қатынас орнатылып, этномәдени бірлестіктердің паспорты жаңартылып, өзекті және проблемалық мәселелердің және оларды жүзеге асырудың жолдары бойынша карта және этнос өкілдерінің ішінде беделді тұлғалардың тізімі әзірленген.
Қала аумағында екі ұлттың өкілдері жинақы тұрады. Олар: Наманган, Өзбек, Ташкент, Родников, Аққозиев, Пирогов, Рыночная, Көшеней, Қапал, Құлжабаев, Самарқан, Түргенев, Жібек жолы, Лумумба көшелеріндегі өзбек және Көшек батыр, Чернышов, Ы.Сүлейменов көшелеріндегі түрік ұлтының өкілдері. Қалған этнос өкілдері қаланың түрлі бөліктерінде тұрады.
2023 жылы жастарды толерантты мінез-құлық, мәдениеттер мен діндерді құрметтеу және қазақстандық қоғамның полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы туралы жас буынның білімін арттыру бағытында 15 кездесу, қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті нығайтуға және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған 40 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5 000-ға жуық адам қамтылған.
Сонымен қатар 29 наурыздағы №27-ө өкімімен қала тұрғындары арасында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 85 кездесу ұйымдастырылып, оларға 2 500 адам қатысқан.
Сонымен қатар «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» жобасына қалалық бюджеттен 1 500 000 теңге бөлініп, «Коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арқылы 5 іс-шара өткізілген.
Қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті нығайту мақсатында облыстық «Jambyl-Taraz» газетінде 16 мақала жарияланып, қала көшелерінде 7 баннер орналастырылған.
Бүгінгі күні қаладағы этносаралық ахуал тұрақты. Ішкі саясат бөлімі алдағы уақытта да этносаралық тұрақтылықты нығайту бағытында жұмыстарын жалғастыра бермек.
Жалпы қоғамдық-саяси жағдайларда тұрақтылықты нығайту және маңызды құжаттарды түсіндіру, халық пен жергілікті билік арасындағы қатынасты қалыптастыру – қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметінің негізінде осы және өзге де міндеттер жатыр.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment