«Тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Әрине, тәртіп болған жерде жауапкершілік те, жүйе де болатыны белгілі. Бұл ретте Тараз қаласының көшелеріне түрлі жол белгілері қойылып, көлік қозғалысын ретке келтіруде. Алайда қазына қаржысына қойылған сол белгілердің қараусыз қалып, қисайып не құлап жатқанын көргенде іштей қынжылатынымыз бар.
Мәселен, Домалақ ана көшесінде орналасқан Жамбыл политехникалық жоғары колледжі алдындағы жол белгісінің қисайып, құлауға шақ тұрғанына, міне, бір айдан асты. Алайда оны түзеп қоюды ойлап отырған ешкім жоқ. Екі көше қиылысындағы қисайған «Жол беріңіз» ескерту белгісін жүргізушілер көрмей, ертең жол апаты болып жатса, кім жауап береді? Облыстық Полиция департаменті ме, әлде…
Қисайған белгіні кім түзетеді?
