Өңірлік ЖОО-лар базасында біртұтас инновациялық экожүйе құрылады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік ЖОО-лар базасында біртұтас инновациялық экожүйе құруды тапсырды.

«Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл істе аймақтағы жоғары оқу орындарын пайдалануды ұсынды.

«Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн», – деді Президент.

Comments (0)
Add Comment