Өңірлік кадр резервінің мүшесі жаңа қызметке тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің өкімімен Өңірлік кадр резервінің мүшесі Жандос Темірханұлы Рүстембаев кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.

Жандос Темірханұлы 1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

2012 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін, 2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2015-2017 жылдары аралығында Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің Экономикалық саясатты үйлестіру басқармасында сарапшы, бас сарапшы болып еңбек етті.

Әр жылдары медициналық клиниканың, «АМӨЗ» ЖШС-ның экономисі, «Ауан и К» ЖШС-ның қаржы директоры лауазымдарын атқарды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып еңбек етіп келді.

Comments (0)
Add Comment