Өңірдің дамуы – «Nur Otan» назарында

«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының және «Өңірлік даму» қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының орындалу барысы қаралды.
2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңірлік Жол картасындағы 1073 іс-шараның 322-сі орындалды, 516-сы орындалу сатысында.
Жол картасына сәйкес биыл облыста пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 329,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 16,4%-ға артты. Сондай-ақ, сүт өңдеу және ірімшік өндіру цехы, «Темірбетон бұйымдар» зауыты және Консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс сақтау қоймасы жобалары іске асырылды. Бұдан бөлек, Тараз қаласында «ПАЗ», «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты 32 автобус пайдалануға берілді. Қазіргі таңда мәдениет, спорт, білім және денсаулық нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жол картасындағы орындалмау қаупі бар 11 мәселе қаралды.
Жауаптылардың мәліметінше, жоспарланған жобаларға қаржының дұрыс жоспарланбауы жұмыстарды кешеуілдетіп жатыр. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының қысқартылғандығы себебінен кей нысандардың құрылысы аяқталмауда.

“Өңірлік даму” бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы, фракция жетекшісі М.Ескендіров мәселені шешуге салғырттық танытып, жүйелі жұмыс жүргізбеген жауаптыларға шара көру қажеттігін жеткізсе, филиал тарапынан партия мүшелерінің дербес жауапкершілігі қаралатынын ескерттім. Себебі халыққа берілген уәде, олардың сұранысы мен тілегі уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс.
Бұдан бөлек, жиында моно және шағын қалаларды дамыту бойынша мәселелер қаралды. Шу, Қаратау және Жаңатас қаласының әкімдері аймақты абаттандыру және қаланы көркейту бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Дегенмен, кемшіліктер де бар. Облыстық мәслихат депутаттары бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны бойынша депутаттық сауалдарын қойды.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы мүшелерінің рейтингісі бойынша атқарылған жұмыстары талқыланды.

Comments (0)
Add Comment