Жамбыл облысында жолшылардың ұстауындағы республикалық маңызы бар 785,6 шақырым жол бар. Бүгінгі таңда облыстың республикалық жолдарды қысқы күтіп ұстау шеңберінде үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2 750 тонна техникалық тұз, 12 334 м³ құм, 32 тонна көктайғаққа қарсы реагент дайындалды. Жолдарды қысқы күтіп ұстауға 97 бірлік арнайы қысқы техника жұмылдырылды, ол жолдарды қардан тазартумен, көктайғаққа қарсы материал шашумен айналысады.
Жолдардың барлық қарлы учаскелерінде қолайсыз ауа-райы құбылыстарына дереу ден қою мақсатында жолшылармен тәулік бойы патрульдеу қамтамасыз етіледі.
Құрметті автомобиль жолдарын пайдаланушылар, жолда штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда, сіз әрқашан «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Бірыңғай колл-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шала алатыныңызды еске саламыз.