Өңір өндірісінде өсім байқалады

Өңірдің әлеуметтік-эконмомикалық дамуында өсім байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында өндіріс көлемі 957 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев баспасөз конференциясында толығырақ баяндады,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 Биыл тұрғын үй бойынша жалпы көлемі 480,6 мың шаршы метр үй пайдалануға беріліпті.  Жүк тасымалы мен жолаушы тасымалы бағытындағы жұмыстар 82,9 пайызға  төмендегені байқалуда. Мұндай жағдай пандемияға байланысты коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жұмыс көлемінің қысқаруы есебінен қалыптасып отыр.

 – Ағымдағы жылдың қазанында облыс бюджетінің кірістері 334,1 мллиард теңгеге немесе 104 пайызға атқан. Өзіндік кірістер жоспары жергілікті бюджеттердің барлығында артығымен орындалып отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда өзіндік кірістердің өсімі 16,6 миллиард теңгені құрады. Жалпы облыс бойынша бюджеттік қаражат 341,1 миллиард теңгеге немесе 99,8 пайызы игерілді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен Жамбыл, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандары қаражаттарды толық игерген. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы  аясында  жұмыспен  қамтудың белсенді шараларына 47 368 адам тартылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орынына – 22879, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1276 адам, кәсіби даярлауға – 770 адам, алғашқы жұмыс орындарына – 70 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1411 адам, жастар практикасына 1603 түлек жолданды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 10032 жұмыссыз тартылса, 1008  адам шағын несие алды және 3789 адам грант алды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3780 адамға 2205,2 миллион теңге мемлекеттік гранттарды беру қарастырылып, есепті кезеңге 3789 адам 2210,5 миллион теңгенің грантын алды (9 адам жергілікті бюджет есебінен грант алды). 22879 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жыл басынан Атаулы әлуметтік көмек бойынша 10 831 отбасындағы 54 734 адамға 2010,3 миллион теңге төленді,–дейді Талғат Шәриұлы.

Конференция соңында облыс әкімінің орынбасары Халық санағы туралы кеңінен айтып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Comments (0)
Add Comment