Iphone сатып аламын деп 1,5 млн теңгесінен айырылды

Iphone сатып алмақ болған шымкенттік 1,5 миллион теңгесінен айырылды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат Iphone алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 550 000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2 бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып жеке тапсырмалар берілді. Нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Comments (0)
Add Comment