Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін жалпы құны 38,2 млрд. теңгені құрайтын 193 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 1 038 жаңа жұмыс орны құрылады.
Ауыл шаруашылығы бағытында 9,7 млрд. теңгеге 68 жоба іске асырылып, 319 жұмыс орны ашылатын болады. Оның 26 жобасы 2023 жылы іске асып, 62 жұмыс орны құрылады. Айталық, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 1,0 млрд. теңгеге 15 жоба іске асырылып 67 жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ өнеркәсіп саласында жалпы құны 28,5 млрд. теңге болатын 125 жоба іске асырылып, 719 жұмыс орны құрылады. Оның 40 жобасы ағымдағы жылға тиесілі.