Инвестиция – ел игілігіне

Әулиеата өңірі түрлі деңгейдегі инвесторлар үшін жұмыс істеуге аса тартымды аймақ болып отыр. Осының нәтижесінде облысқа инвестиция тарту қарқынды жалғасуда. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аталған бағыттағы жұмыстардың барысына тоқталып өтті.

Аймақ басшысының сөзінше, жыл соңына дейін инвестиция көлемін 572 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бүгінге облыстың инвестициялық портфелі 2,3 трлн теңгені құрайтын 69 жобаны қамтиды. Бұл жобаларды 2026 жылға дейін іске асыру көзделіп, нәтижесінде қосымша 5,5 мың жұмыс орнын құрылмақ.

– Ағымдағы жылы 87 млрд теңгеге 575 жұмыс орнын құруды көздеп отырған 20 жоба іске асырылуда. Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды табысты іске асыру облыстың бұл бағыттағы көшбасшылық қабілетін ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Облыста жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 нысан жұмыс істейді, – деді облыс әкімі.

Comments (0)
Add Comment