Инва-таксидің игілігі аз боп тұр

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар қашан да көмек пен қамқорлыққа зәру. Олардың хал-ахуалын жақсартып, жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар қызметтер ұсынылуда. Соның бірі – «Инва такси» тегін жүру көлігі. Бұл қызмет түрі біздің шаһарда қандай деңгейде жүзеге асырылуда?

Арайлым Шабденова

«Азаматтық орталықтың» мәжіліс залында өткен жиында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен инва-такси қызметін ұсыну бойынша туындайтын мәселелер сөз болды. Басқосуды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов жүргізді. Бүгінде қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр мүмкіндігі шектеулі жандарға автобустарда ешқандай жағдай жасалмаған. Ал өңірде қоларбаға таңылған 2361 адам бұл қызметке мұқтаж. Жиында мүкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын инва-таксидің қазіргі жай-күйі мен алдағы жұмысы туралы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев баяндама жасады. Инва-такси қызметін қазіргі таңда тек I топтағы мүгедектер ғана пайдалануда екен. Ал аталмыш топтардан басқалары қоғамдық көліктерге мінуге мәжбүр. Көптен бері көңілден шықпай жүрген қоғамдық көліктердің қазіргі стандарттарға сай емес және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет қарастырылмағандығы да жиында кеңінен талқыланды. Осы орайда, партия облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты Берік Телеуішов қоғамдық көліктердегі тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді ортаға салды.
– «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құруға баса назар аудара отырып, олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқаруда. Жоба аясында құрылған жұмысшы топ ғимараттардың мүгедектерге қолжетімділігін тексеріп, зерделеді. Ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі бойынша 2016 жылы 100-ге жуық, ал 2017-2018 жылдары облыс бойынша 1000-нан аса нысан зерделенді. Зерделеу нәтижесі бойынша қазіргі таңда ғимараттардың сәйкестігі 60-100 пайызға дейін жеткізілді. Мүмкіндіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаған ғимараттардың басым бөлігі мемлекетке қарасты мекемелер. Ал көпшілік жиі бас сұғатын «Теміржол» вокзалы, қалалық прокуратура сынды мекемелерде жағдай жасалмаған. Жеке кәсіпкерлерге қарасты «Голубой экран», «Дмитрий и Ко», «Дәмдес», «Орталық гастроном», «КОТОН» сынды сауда орындары мен бірқатар банктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған. Мекеме басшыларына 2-реттен ескерту берілгенімен, нәтиже жоқ. «Жеке меншік иесіне сөздеріңіз өтпейді» – деп қысқа қайырады, – деді Берік Бақкелдіұлы.
Сонымен қатар жұмысшы топтың зерделеу жұмыстарының нәтижесі қоғамдық көліктердің де жағдайы мәз еместігін алға тартты. Автобустарда қоларбамен жүретін, көзі нашар көретін, құлағы ауыр еститін азаматтарға ешқандай белгі қойылмапты.

.
Сонымен қатар жұмысшы топтың зерделеу жұмыстарының нәтижесі қоғамдық көліктердің де жағдайы мәз еместігін алға тартты. Автобустарда қоларбамен жүретін, көзі нашар көретін, құлағы ауыр еститін азаматтарға ешқандай белгі қойылмапты.

Сондай-ақ жиында сөз алған «Ажур» шығармашылық орталығының оқытушысы Дилафруз Махмадулоева, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан қолдауларды айта келе, инва-такси тек дүйсенбі-жұма күндері жұмыс жасайтындығын айтып, демалыс күндері қолдары байлаулы екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар ол бұл қызметті жеке кәсіпкерлерге ұсынса деген тілегін білдірді. Басқосуда «АРМСИ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанна Мамашева, «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Заиджан Юлдашев сөз алып тақырып төңірегінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

– 2017 жылы қалалық мәдениет үйінде өткен алқалы жиында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты бірқатар мәселелер көтерілген еді. Соның бірі – тасымалдаушы автопарк басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін «Аялдамада мүгедек тұр!» дегенді білдіретін арнайы тетік қою. Сондай-ақ, құлағы естімейтін, көзі нашар көретін азаматтарға сенсорлық сезіну құралдарын орнату. Бірақ мұның ешқайсысы да іске аспады. Құрғақ уәдемен ауыз сүртіп қалдық, – деді Заиджан Рахимұлы.

Ұйымдастырушылар жиында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment