Алаяқтықтың түрлері мен формалары әртүрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатын тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді.
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, оның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады.
Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады.
Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.
Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
– паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS-парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет;
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе шағын әріппен жазылғандарды мұқият және толық оқып шығу;
– өте жақсы ұсыныстарға сын көзбен қараңыз, бірақ оны елемегеніңіз жөн, осылайша Сіздің ақшаңыз аман болады;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз;
– белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз;
– контактісіз төлемдер кезінде картаның шығыс лимитін белгілеңіз және мүмкін транзакциялардың мөлшерін шектеңіз;
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамаңыз.
Егер аталған деректер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, бұл оларға болашақта Сіздің атыңыздан микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде кредиттерді оңай ресімдеуге мүмкіндік береді.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз жоғарыда аталған жағдайға тап болсаңыз, дереу жергілікті полиция органдарына және банкке жүгіну қажет.
Тараз қаласының әкімдігі