Тараз қалалық көпсалалы аурухананың базасында «Ишемиялық инсультті емдеу мен диагностикалаудың заманауи тәсілдері. Cerebra-инсульттің автоматтандырылған диагностикасы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға жиналған білікті мамандар нейрохирургиялық қызметтің қазіргі жай-күйін, оның дамуының басым бағыттарын, өзара байланыстарды нығайту мен тәжірибе алмасуды талқылап, жамбылдық дәрігерлерге нейрохирургия саласында практикалық көмек көрсетуді дамыту барысына кеңінен тоқталды.
Ишемиялық инсульттің аса өткір кезеңінде пациенттерді басқару қағидаттары және жаңартылған ұсынымдар туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор Алмагүл Жүсіпова кеңінен әңгімеледі. Содан кейін «Cerebra-инсульттің автоматтандырылған диагнос- тикасы» тақырыбында Президент іс басқармасы ауруханасының нейрорадиолог дәрігері, «cerebra» жобасының медициналық жетекшісі Меруерт Сайфуллақызы таныстырылым жасады. Сондай-ақ Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасы жанындағы тамырлы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облысының инсульт қызметі бойынша бас штаттан тыс нейрохирург, PhD доктор Рауан Кастей ишемиялық инсультті хирургия- лық емдеудің ерекшеліктерімен бөліссе, Жамбыл облысында инсульт қызметінің ұйымдастырылуы мен жай-күйі туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс невропатологы, облыстық көпбейінді ауруханасы жанындағы нейроинсульттік бөлімшенің меңгерушісі Айгүл Момуналиева айтып өтті. Қалалық көпсалалы аурухананың тамырлы нейрохирургы Еркебұлан Меркібеков «Тамырлы нейрохирургия» тақырыбында баяндама жасады.
Хирургиялық араласулар сәтті, асқынусыз жүргізілді.
Рентгенологтар үшін М.Сайфуллақызы жедел емдеу туралы мәселені шешу үшін стеноздар, окклюзиялар, тромбоздар (егер пациент терапевтік терезеге түспесе) кезінде жүргізілетін КТ-перфузия бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Бұл конференцияның басты ерекшелігі Cerebra-ның «бағдарламалық жасақтамасын» орнату бағытында жатыр. Бұл – ишемиялық және геморрагиялық инсультті автоматтандырылған диагностикалау үшін нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Бағдарламаның өзі инсульт кезінде КТ сканерлеуіндегі бастапқы өзгерістерді тануға үйретілген, олар қарапайым көзбен әрдайым байқалмайды, сонымен қатар aspect шкаласы бойынша қанша аймақтың әсер ететінін есептейді. Бұл өз кезегінде емдеу тактикасын таңдауға, хирургиялық емдеу (тромбоэкстракция), тромболиз, науқастың жағдайының ауырлығын бағалауға көмектеседі. Сон-дай-ақ бағдарлама қан кету көлемін автоматты түрде есептейді. Бұл рентгенологтар мен клиниктерге тапсырманы жеңілдетеді. Нәтижесінде пациентке жедел емдеу тағайындалады, функциялардың жоғалуы және неврологиялық тапшылықтар қаупі азаяды.
Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ