Инсульт алған журналист жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Журналист Максим Карташов 49 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі «Шайба.kz». сайтына сілтеме жасап.

Ол бірнеше күн бұрын инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен.

Максим Карташов 1990 жылдардан бері Қазақстан хоккейін насихаттады. «Қазақстан хоккейі» («Хоккей Казахстана» – ред.) журналының редакторы, «Қазақстанның ең үздік хоккейшісі» байқауының атқарушы директоры болды.

Comments (0)
Add Comment