«Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін» — Алматының бас санитар дәрігері

Алматыда наурызда ауру жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін,-деп хабарлайды“Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Қарлығаш Әбдіжаббарованың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Барлық дерек омикрон штамы тез таралатынын және жақын арада дельта штамын ығыстыратынын көрсетеді. Бұрын инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін екені айтылды. Оптимистік болжам бойынша, наурыздың аяғында күніне 2,5 мыңға дейін, ал пессимистік болжам бойынша наурыздың басында тәулігіне 3,8 мыңға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркелуі мүмкін», — деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қарлығаш Әбдіжаббарова.

 

Comments (0)
Add Comment